Министрлік мұнай өнімдерін теміржолмен экспорттауға тыйым салмақ

1055
Adyrna.kz Telegram
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Ішкі нарықта жанар-жағар май тапшылығын болдырмау мақсатында энергетика министрлігі жасырын әкетілуі мүмкін мұнай өнімдерін теміржол көлігімен экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салуды көздейтін алты ай мерзімге тыйым салуды белгілеу туралы тиісті жобасын әзірледі", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда жанар-жағар май тұтынудың ұлғаюы және ішкі нарықтағы қордың азаюы байқалады. Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстік шекаралас аймақтарында айтарлықтай өсім байқалады.

Бұл жағдай Қазақстан және шекаралас елдердегі мұнай өнімдері бағасының қазіргі айырмашылығымен байланысты.

Пікірлер