Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

898
Adyrna.kz Telegram
Фото: world nomad games
Фото: world nomad games

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан  азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтті. Қазақстан құрамасы 112 медаль – 43 алтын, 32 күміс және 37 қола жеңіп алды.

Пікірлер