Альпинистер алматылық туристерге арналған жаңа карталардан өрескел қателерді байқады

774
Adyrna.kz Telegram
Фото:  vistanews.ru
Фото: vistanews.ru

Қазақстанда белсенді туризмді және спортты дамытуға бағытталған қоғамдық ұйым жақында шыққан тау маршруттары атласынан және Алматыда туристерге арналған карта мен брошюралардан қателерді анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Клуб өз хабарламасында қандай қателіктер бар екенін атап өтті:

– Үшінші Аюсай сарқырамасынан жоғары соқпақ жоқ, бұл аумақта жыл сайын апаттар орын алады;

– Арнайы техникасыз Абай мен Пионер асулары қауіпт;

- Примула көлі Қырғызстан аумағында орналасқан, шекарадан өту заңсыз;

- Туристік шыңға апаратын жол дұрыс көрсетілмеген;

– Мәншүк Мәметова көліне баратын жол қауіпті мұздыққа апарады.

Әлеуметтік белсенділер атаулар мен орындардағы қателерді де атап өтті. Мысалы, Учитель тауын Қарлытаумен шатастырып, Батарейка сарқырамасын Құмбел деп атаған.

Ұйым сапарларды жоспарлау кезінде осы материалдарға сенбеуге шақырды және туристерге тәжірибелі гидтер мен құтқарушылармен кеңесуді ұсынды. Барлық ескертулер қазірдің өзінде Алматы туризм басқармасына берілді, олар карталарға қажетті түзетулер енгізуге уәде берді.

Пікірлер