Орынбор орнында қалған күн

1082
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

1920 жылы 22 қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті жаңа жарлық қабылдап, Орынбор губерниясын Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Социалистік Кеңес Республикасына (АССР) қосты. Осы жарлыққа сәйкес, Орынбор қаласы Қырғыз АССР-інің алғашқы астанасы ретінде бекітілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сол кезеңде Түркістан Республикасы құрамындағы қырғыз (қазақ) жерлерін Қырғыз (Қазақ) АССР-іне қосу мәселесі де көтерілген болатын. Жарлықта бұл процесcтің Түркістан Республикасының құрамындағы қырғыз территориясының тұрғындарының қалауымен жүзеге асырылатыны көрсетілді.

Бұл тарихи оқиға қазақ халқының автономиясын құрудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Ал 1925 жылы Қырғыз АССР атауы Қазақ АССР-і болып өзгертілді, ал астана Қызылорда қаласына көшірілген болатын.

Пікірлер