Бүгін - 11 қыркүйек АҚШ-тағы «егіз» мұнара жарылған күн, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі мұнарасы көк тіреген Дүниежүзілік сауда орталығында екі ұшақ жарылып, ғимарат жермен жексен болған еді.
Терроршылардың басқаруындағы үшінші ұшақ Пентагон ғимаратына, төртіншісі Пенсильвания штатының аумағына құлады.
Лаңкестік әрекет салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза тауып, 6 мыңға жуығы жараланған. 24 адам із-түзсіз кетті. Өрт сөндірушілер мен полицейлердің күшімен апаттан 30 мыңға жуық адам құтқарылған.
2001 жылдың 12 қыркүйегінде АҚШ президенті Джордж Буш Нью-Йорк және Вашингтондағы террорлық әрекеттерге байланысты Америка халқына телевизиялық үндеу жариялап, барлау және құқық қорғау органдарының барлық ресурстарына теракт ұйымдастырушыларын тауып, жазалау жөнінде бұйрық берілгенін мәлімдеді.
2006 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте терракт құрбандарына арналған монумент ашылды. Ресей мүсіншісі Зураба Церетелидің бұл туындысы - ресейліктердің Америка халқына арнаған терракт құрбандарын еске алу белгісі. Ескерткіштің биіктігі - 30 метр, салмағы 170 тоннадан астам.
«Егіз» мұнараларды қиратқан 11 қыркүйек оқиғасына биыл 23 жыл толды.