3 жыл 3 айын пробациялық бақылауда өткізбек. Назарбаевтың туысы ақыры бостандыққа шықты

1031
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

4 қыркүйек күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайрат Сатыбалды сыбайлас жемқорлық үшін 6 жылға сотталған еді. Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Жазасының қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізетін болды.

Түрмеден шыққан ағасын інісі Самат Әбіш қарсы күтіп алды. Оған да сот 8 жыл шартты жаза тағайындаған.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, халық пен президенттен кешірім сұраған еді.

Айта кетсек, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған.  Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты оны мүлкін тәркілей отырып 6 жылға соттады.

Сондай-ақ биыл тамызда Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шығып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікірлер