Қарағандыда қараусыз қалған үш жасар бала биіктен құлап кетті

677
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Балқашта үш жасар бала биіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бала бесінші қабаттан құлаған.

Қарағанды облыстық ТЖД қайғылы оқиғаның 31 тамызда болғанын хабарлады. Бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

"Бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Пікірлер