Павлодарда көлік жүргізушілері төбелес шығарды

979
Adyrna.kz Telegram

Павлодар орталығында көлік жүргізушілері төбелес шығарды. Оқиға таспаға түсіп, желіде тарады- деп хабарлайды “Адырна”  ұлттық порталы.

Кадрлардан байқағандай төбелес Назарбаев даңғылында орын алған. Эвакуатор мен жеңіл көлік жүргізушісі бағдаршам алдында жанжал шығарды. Төбелес кезінде бір жүргізуші сүрініп, екіншісі тепкінің астында қалды. Осы кезде үшінші адам оларды ажыратуға тырысқанын байқауға болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары жүргізушілер соқтығысып қалған соң сөзге келіп қалды деп болжауда. Ал, полицейлер төбелеске қатысушылардың тұлғасы анықталғанын хабарлады.

«Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жанжалға қатысушыларға әкімшілік іс қозғалды», - деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер