Кімнің қолынан шыққан? FlyArystan қозғалтқышы Air Astana-ға орнатылған

1741
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

FlyArystan ұшағының қозғалтқышы Air Astana лайнеріне қайта орнатылғаны анықталды, деп "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Желі қолданушысы ұшақтың қозғалтқышын "FlyArystan-ның бауыры" болып кеткен Air Astana-ға қондырғанына наразы. Ол мұндай жағдайды ұшақта ұшқан жолаушылардың өміріне салғырттық екенін айтып дабыл қақты.

Бір күн бұрын, ҚазТАГ редакциясы төрт ай бұрын Франциядан алған FlyArystan Airbus A320neo маркалы ұшағының қозғалтқышсыз бейнесін жариялаған. Бұл мәселеге әуе компания баспасөзі:

«FlyArystan Airbus A320neo қозғалтқышы (тіркеу нөмірі EI-KFA) өндірістік қажеттіліктерге байланысты басқа ұшаққа қайта орнатылды», - деп жауап берді.

Пікірлер