Қазақстандық “жаңбыр адам” Ди Каприодан көмек сұрады

1247
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Арал теңізі мәселесін көтеріп жүрген “жаңбыр адам” Алтай Айнабек актерден көмек сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол экологиялық апаттан күн сайын зардап шегіп жатқандар жандардың атынан сөйлеп, көмек сұрады.

“Құрметті Леонардо Ди Каприо және барша асыл жандар! Тыныс алған кезде тұздың ащы иісі келетін әлемде өмір сүріп жатқаныңызды елестетіп көріңіз. Бір кездері нәр берген жер қазір тозаңға айналған. Бұл Орталық Азиядағы миллиондаған адамдар үшін ащы шындық. Арал теңізінің құрғаған табанынан шыққан тұзды жел тасып, алыс-жақын маңға тарап, топырақты, суды, ауаны уландырып жатыр”, – дейді ол.

Пікірлер