ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ: Өзбекәлімен бірге өлген екен ғой ӨНЕРІМ мен МӘДЕНИЕТІМ...

1192
Adyrna.kz Telegram

Соңғы жылдары еліміздің мәдениет мекемелерінің көпшілігін осындай шадыр мінез, шала бастықтар жайлап алуда әрі күрт қарқын алған бұл қатерлі үрдіс жойдасыз жойқын сипатқа ие болып, үйреншікті жағдайға, қалыпты құбылысқа айналып барады.

Мәдениет мекемелерінің басшылығына түрлі қитұрқы жолдармен жетіп, күмәнді ойындар арқылы қолы жеткен креслосына былшия қонжиып алған, бірақ қызметтік этикадан жұрдайлықтан аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан бұл мәдениетсіз бастықтар барған жерінде САМОУПРАВСТВОМЕН айналысып, қарапайым қызметкерлердің сорын қайнатып, сорасын ағызуда. Қадірлі адамдардың қанын ішіп, аяулы адамдардың арын таптауда!

Мәдениеттілік эталоны, сұлулықтың символы – ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНДА мынандай масқара болып жатқан соң, қалғаныңа не жорық байғұс мәдениетшілерім, сорлы культработниктерім!

Өзбекәлімен бірге өлген екен ғой ӨНЕРІМ мен МӘДЕНИЕТІМ!

 

Erlan Toleutai

 

 

 

Пікірлер