Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы бразилиялық Каролин Барбосаны айқын басымдықпен жеңді.
Бірінші раунд Назымнің жеңісімен аяқталды – 5:0, екіншісінде де төрешілердің басым бөлігі қазақстандық аруға 4:1 есебімен басымдық берді. Үшінші үш минуттық раундта да Қызайбай қарсыласын 4:1 есебімен місе тұтпады.