Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді

463
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысірәлімова, Юлия Кучинская және Наталья Дементьева Көкшетаудағы 1500 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары жалғасуда. Халық өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесіп, өнеркәсіп орындарын аралап, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда. Сонымен қатар, олар «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын да бақылауда.

Бүгін депутаттар Айна Мысырәлімова, Юлия Кучинская және Наталья Дементьева Көкшетау қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан 150 орындық оңалту орталығынң және 1500 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

Облыс орталығындағы «Сарыарқа» мөлтек ауданында құрылысы басталған алайда, қаражаттың бөлінбеуіне байланысты тоқтап тұрған  150 орындық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығы соңғы үлгідегі оңалту жабдықтарымен  қамтылмақ. Жылына бұл жерде 1800 адам денсаулығын күтуге мүмкіндік алады. 12  мың шаршы метрды құрайтын құрылысы нысанының жобалық бөлігіндегі өзгерістерге байланысты жобаға түзетулер енгізілуде. Қаражаттың дұрыс бөлінбеуіне байланысы, құрылыс тоқтап тұр.

Сондай ақ, 1500 орындық мектеп құрылысында болған Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының мүшесі Айна Мысырәлімова жалпы елімізде демографиялық өсу қарқыны білім беру жүйесі үшін күрделі мәселе екенін, сондықтан мектептердегі орын тапшылығы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Ал Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская мемлекет педагогика саласындағы  кадр тапшылығын азайту және жастарды мұғалімдік мамандыққа тарту үшін жасалып жатқан шараларды атап өтті.

– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Соңғы бірнеше жылда мұғалімдердің жалақысы екі есеге өсті. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Ал осыдан бір-екі ай бұрын ғана Президент депутаттар әзірлеген ғылым және білім туралы заңға қол қойды. Сонымен қатар, заңда белгілі бір дәрежелі және ғылыми атағы бар мұғалімдердің жалақысына ай сайынғы үстемеақылар белгіленген. Бұл мұғалімдерді ынталандырудың бір түрі»,- деп атап өтті.

Айта кетерлігі, өткен жылы Ақмола облысында «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша 1245 орындық 16 балабақша, 3512 орындық 5 мектеп ашылды. Жалпы, 2027 жылға дейін облыста 39 мектеп салу, сондай-ақ 82 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар бұл күні Юлия Кучинская пәтер иелері кооперативінің төрағаларымен кездессе, Айна Мысырәлімова мен Наталья Дементьева этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесіп, барлық мәселелерін алдағы жұмыс үшін жазып алды.

Сондай ақ, бұл күні депутаттар партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселесімен қабылдады.

 

 

Пікірлер