Әлем чемпионатында қазақстандықтар пара пауэрлифтингтен алты медаль жеңіп алды

540
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшылар Тбилисиде өтіп жатқан әлем кубогында пара пауэрлифтингтен алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Наша газета”-ға сілтеп.

« Тбилисиде 2024 жылы пара пауэрлифтингтен әлем кубогы аяқталды. (...) Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар алты жүлде жеңіп алды», - делінген хабарламада.

Мәлім болғандай, 71 елден, соның ішінде Қазақстаннан 329 спортшы қатысып, осы спорт түрі өкілдері үшін Олимпиада алдындағы соңғы старт болды.

Еліміздің намысын 12 спортшы қорғағаны атап өтілді.

Пікірлер