Жұмыртқадан жүн қырыққан. Тыйым салынса да ҚТЖ жолды жалға берген

1520
Adyrna.kz Telegram
Фото: qarmaqshy-tany
Фото: qarmaqshy-tany

ҚТЖ филиалдары станса теміржол жолдарын жалға берген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Құзырлы органның мәліметінше, прокуратура бұл жағдайға қатысты шағым түсірген. Тексеру барысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының бөлімшелерінің жолдарды жалға бергені анықталды.

Жолдарды жалға беруге тыйым салынса да "Восток машина жасау зауыты" АҚ станса жолдарын үш жылға жалға алған.

Көлік прокуратурасы Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды ​​облыстары мен Абай облысының соттарына келісім-шарттарды бұзуды талап ету арызын жолдады.

Пікірлер