Астанада бұршақ жауып, көшелерді су басты (ВИДЕО)

1073
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 7 маусымда елордада ірі бұршақ жауып, көшелерді су басты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Астаналықтардың әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбаларынан қолайсыз ауа-райының көлік қозғалысына да қиындықтар туғызғанын байқауға болады.

«Қала су астында қалды», «Көліктер жүзіп жүр», «Мынау не сұмдық?» — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 7 маусымда жауын болатынын хабарлаған еді. Қазір жауын да, бұршақ та тоқтады. Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы маусымның 15-іне дейін сақталады. Яғни алдағы күндері найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі.

<

Пікірлер