Алматыда төбелескендердің бірі қарсыласына балта сілтеді

689
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде екі адамның төбелескен бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бейнеде жанжалдасқандардың бірінің қолында қолында балта болғаны көрінген.

Оқиға Медеу спорт кешені алдында болған. Онда екі адамның жанжалдасып, кейін біреуінің құлап түскенін көруге болады. Жақын маңайдағы адамдар жедел жәрдем шақырған.

"Балта қолданылған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысушы екі адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылар өзара таныс адамдар. Басқа жағдайлар белгіленеді", — деп хабарлады департамент баспасөз қызметінен.

Пікірлер