Атырау облысында судан тағы бір адамның денесі табылды

710
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Атырау облысында су бетінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы azh.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындар облыстағы Құрсай каналынан ер адамның мәйітін 13 мамыр күні сағат 18.20 шамасында байқаған.

Су бетінде қалқыған денені байқағандар құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды. Ал Жылыой аудандық полиция бөлімі 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

Қазір ер адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Пікірлер