Алматы облысында жер сілкінді

641
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы облысында 9: 12-де жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV магнитудасы - 5.7", - делінген хабарламада.

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Пікірлер