Алматыда білім көрмесіне 50-ге жуық мектеп қатысты

171
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жалпы білім беретін оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Инновациялық мектеп-бәсекеге қабілетті оқушы» атты білім көрмесі өтті. Шараға Бостандық ауданынан 50-ге жуық мектеп қатысты.

Көрменің өтуіне «Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің» мұрындық болған.

Инновациялық мәдениетті жас өрендердің креативтері арқылы дамытуды көздеген көрмеде дарынды оқушылар жаратылыстану мен қоғамдық гуманитарлық бағытта жасаған жұмыстарын таныстырды. Сондай-ақ, көрме барысында өзге елдің ертегілері мен мультхикаяларын қазақ тіліне аударып, дубляждаған еңбектерде көрсетілді.

- Осы фильмді аудару үшін 1,5 айдай уақыт кетті. Дубляжға бірінші рет қатысып жатырмыз. Қиындық болды, ағайлар мен апайлар көп көмектесті, –деді Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің оқушысы Бейбарыс Сержан.

Ал сұтаздар қауымы болса,  мұндай шаралар балаларға жаңашылдыққа ұмтылуға жол ашады дейді.

-  Балаларға мұғалімдері бағыт-бағдар беріп отырды. Оқушылар өздері жасап және көпшілікке таныстырады. Білім ордасының мақсаты – аты айтып тұрғандай, креативті және инновациялық мектеп, яғни жаңашылдыққа ұмтылу, заманның көшінен қалмау, –деді Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінің мұғалімі Ақсәуле Шамурадова.

 

Пікірлер