Иракта бір жыныстылар қарым-қатынасы үшін жазаланатын болады

873
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Иракта бір жыныстылардың қарым-қатынасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң қабылданды, деп "Адырна" тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Енді елде бір жынысты қатынас жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырырылатын болады.

Құжатқа сәйкес, заң "Ирак қоғамын моральдық ыдыраудан және әлемді шарпыған гомосексуализмге шақырудан қорғауға" бағытталған. Reuters мақаласында:

“Оны негізінен Ирактың мұсылман Парламентінде ең үлкен коалиция құрған консервативті шейіт мұсылман партиялары қолдады”, - делінген.

Пікірлер