Оралда бастауыш сынып мұғалімін өз пәтерінде өлтіріп кеткен

895
Adyrna.kz Telegram

Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтіріп кеткен. Мұғалімнің денесі 25 сәуірде табылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше іс 99-бап «Кісі өлтіру» бойынша тергелуде. Жедел іздестіру шаралары жүріп жатқандықтан, басқа мәліметтер жарияланбайды.

Қалалық білім бөлімі марқұмның тәрбиелі әрі жауапкершілігі мол ұстаз екенін айтты. Мұғалімдік жұмыс өтілі 40 жыл, оның 35 жылында бір мектепте жұмыс істеген.

Никитина жұмыс істеген N9 мектеп ұжымы әлеуметтік желіде марқұмның жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

«25 сәуір күні мектебіміз құрылған күннен бастап жұмыс істеген бастауыш сынып мұғалімі Надежда Владимировна Никитина кенеттен қайтыс болды. Надежда Владимировна жұмыс барысында бір емес бірнеше ұрпақ тәрбиелеп өсірді, өз ісінің кәсіби маманы, сүйікті ұстаз болды. Бұл жүздеген ұлдар мен қыздар және оның жақындары үшін орны толмас қайғы-қасірет” деп атап өтті ұжымы.

Көршілерінің айтуынша, ол мейірімді, жауапкершілігі мол, жанашыр адам болған. Мұғалім бос уақытында өзі тұрған үйдің өміріне белсене араласты.

«Өте ақкөңіл, жауапкершілігі мол жақсы адам еді. 24 жыл бірге тұрдық, ол жақында ғана анасын жер қойнына тапсырған еді. Ол күйеуімен бірге 10 жыл бұрын бірге тұрған. Оның артында екі қызы, бір ағасы және немерелері қалды. Бұл сурет менің көз алдымда», - дейді көршісі Әлия Есқалиева.

Пікірлер