"Шекарада жанжал шықты" деген азамат сотталды

805
Adyrna.kz Telegram

"Ресей мен Қазақстан шекарашылары арасында жанжал шықты" деп жалған видео таратқан қостанайлық азаматқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТоболИнфо сайтына сілтеп.

«Бұл-  Қостанайдағы Федоровская тас жолы. Қазақстан шекарасында Қарабалық шекарашылары арасында қақтығыс болды. Ресей жағы бірдеңе істеп, атып тастадық дейді. Міне, олар сонда бара жатыр. Сұмдық, Қостанайда соғыс басталды», — деп пікір қалдырған ер адам жалған видеоны WhatsApp желісіндегі топтық чатқа жіберген.

Видеода әскери техниканың колоннасы көрсетілген. Ішкі істер министрлігі бұл жалған ақпарат деп жауап берді. Шындығында, бұл атыс жаттығуы үшін полигонға көшіп бара жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімінің техникасы болатын.

Бейнежазба YouTube желісінен бір-ақ шықты. Соғыс басталды деген хабар жұртшылық арасында дүрбелең тудырған.

52 жастағы Қостанай тұрғыны өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Іс сотта қысқартылған тәртіпте қаралды.

Сот қостанайлық азаматқа белгілі бір міндеттер жүктей отырып, жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау орнату арқылы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Пікірлер