Президент Тоқаев су тасқынына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясын онлайн форматта өткізеді

685
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Төрағасының орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі. ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді», - делінген сәрсенбіде тараған хабарламада.

Мемлекет басшысы бірқатар аймақтарда орын алған су тасқыны жағдайына байланысты Ассамблеяның ағымдағы отырысын онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Іс-шараға аймақтық ҚХА мүшелері онлайн режим арқылы қатысады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді», - деп толықтырды Ақорда.

Пікірлер