"Тарихтағы тұңғыш жүлде". Қазақстан әйелдер құрамасы садақ атудан әлем кубогында қола жүлдегер атанды

982
Adyrna.kz Telegram

Топтық садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Шанхайда (Қытай) өткен әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Бағдарламаның бұл түріне еліміздің атынан Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова қатысты. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Эстониядан басым түсті. Кездесу 231-224 ұпайымен аяқталды», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен жеңіп, жартылай финалда итальяндықтардан бір ұпай айырмашылығымен ұтылып қалғаны атап өтілді.

Бұл жүлде Қазақстан әйелдер құрамасы үшін әлем чемпионатында жеңіп алған тарихтағы тұңғыш жүлде болды.

Пікірлер