Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирде жеңімпаз атанды

1184
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық теннисші жұптық сында Хаммамет (Тунис) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жібек Құламбаева жұптың сын барысында жартылай финалда эквадорлық Мария Фернанда Эрасо Гонсалес — алжирлік Инес Иббуді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы бәсекеде Жібек Құламбаева мен Жасмин Гимбрере доданың 2-ракеткалары, аустралиялық Кайла Макфи – ресейлік Ксения Зайцевадан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Пікірлер