Жайықтағы су деңгейі төмендеп келеді - ТЖМ өкілі

1506
Adyrna.kz Telegram

Бірнеше күн бұрын саяжайларын толық су басқан БҚО-да Жайықтағы су деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды “Адырна” порталы. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп брифингте мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмыстары жүріп жатыр», - деді Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.

Республика бойынша 31 112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау орындарында.

Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түскен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Жайық өзені арнасынан асып, Орал маңындағы саяжайларды су басқанын жазған болатынбыз. ТЖМ мамандары тиісті әрекет етіп, тұрғындарды эвакуациялаған болатын.

Пікірлер