Сотта Бишімбаевтың телефонындағы видеолар көрсетілді

629
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жоғары сот
Фото: Жоғары сот

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта ұялы телефонының құпия сөзін айтты. Оның телефонында марқұм Салтанат Нүкенованы айыпталушы мәжбүрлеп, сұрақтың астына алған видеолар көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Судья Айжан Құлбаева сотта Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеоларды қосты. Видеода Бишімбаевтың Нүкеноваға балағат сөздер айтып, оны Райымбек Баталовпен бұрын болған қарым-қатынасы үшін айыптағаны таспаланған.

Видеода Салтанат Нүкенова киімсіз, тек сыртында күртеше ғана бар.

Бишімбаев әйелінен қайта-қайта «Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?» деп сұраған, видеода Нүкенова «Иә» деп жауап береді.

Алайда, Бишімбаев аталмыш видеоның «монтаж» екенін алға тартып отыр.

Пікірлер