Ақтөбе облысында көпір қирады

649
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында Жем қаласын бұрынғы аэродроммен байланыстыратын көпір опырылып түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Шаруа қожалықтарының иелері осы жолмен жүріп өткен. Тікұшақтар әлі де аэродромға қонуда. Бұл оған апаратын жалғыз жол", - делінген Instagram жазбасында.

Мұғалжар ауданының әкімдігі жергілікті тұрғындардың демеушілігімен көпірдің уақытша қалпына келтірілетінін хабарлады.

Биылғы жылы көпірмен бірге Жемдегі аэродромға баратын жолды жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Осыған сәйкес тиісті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады, деп қосты әкімдік.

 

Пікірлер