"Қырғызстан азаматы". "Крокустағы" қанды қырғынның тағы бір күдіктісі сотқа жеткізілді

890
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

”Крокуста” болған қанды шабуылдың сегізінші күдіктісі сотқа жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сегізінші күдікті - Қырғызстан азаматы Әлішер Қасымов.

Күдікті тергеу барысында лаңкестік қимылдан бейхабар болғанын айтады. Сондай-ақ ол ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға бергенін айтқан.

Қырғызстан азаматы лаңкестермен тек пәтер өткізетін “Авито” қызметі арқылы ғана байланыста болғанын айтады.

Мәскеудің Басманский сотына "Крокус Сити Холл” концерттік кешенінде террористік акт жасауға араласты деген күдікпен тағы үш күдікті жеткізілді. Қазір олардың соты жабық режимде өтеді.

Мәскеуде болған қанды шабуыл ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті.

Пікірлер