Қонаевта студент қыздың кісі қолынан қаза тапқаны айтылды

1182
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қонаев қаласында жас жігіттер студент қызды, ұрып өлтірген. Бұл туралы НеМолчи қорының басшысы Динара Смайылова Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Динара Смайылованың жазуынша, марқұм колледжде аспаз мамандығы бойынша оқып жүрген. Ал қылмысқа қатысты күдіктілер 18-21 жас аралығында екен.

«Қыз олардың бірімен 7 наурызда танысқан. Бірақ шамамен наурыздың 14-інен 15-іне қарағанда студентті қатыгездікпен өлтіріп кеткен. Олар оның телефонын алып, өздеріне несие рәсімдеген. Қаланың сыртына алып шығып, сойылмен ұрып-соғып, далаға тастап кеткен. Қыздың туыстарына мәйіттің 21 наурызда табылғаны хабарланған. Әпкесі оны мәйітханалардан өзі іздеген, себебі студенттің денесі қай жерде екенін ешкім айтпапты. Мәйітін тапқан кезде денесінен көгерген, қолында жіптің ізі қалғанын көрген», – деп жазды қор басшысы.

Ал Қонаев қаласының полициясы күдіктілерді ұстаған. Бірақ марқұмның жақындары 2 адамның ұсталғанын, алайда тағы 2 адамның бостандықта екенін жеткізген. Сондықтан олар қылмыскерлер жазасыз қала ма деп қорқады.

Жетісу облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты әлі пікір білдірмеді.

Пікірлер