Талдықорғанда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге құжат қабылдау басталды

8679
Adyrna.kz Telegram

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ!
Құрметті 6 - сынып оқушыларының ата-аналары!
2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 10 ақпанына дейін Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, жаңа 2024-2025 оқу жылына, конкурстық іріктеу негізінде, үміткерлерді 7 сыныпқа қабылдау құжаттарын қабылдау басталатынын хабарлаймыз.
Кешенді тест 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді.
Құжат қабылдау орындары мен конкурстың өту шарттары туралы толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтындағы «Оқуға түсу» - «Конкурс жөнінде хабарлама» бөлімінен алуға болады.
Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Қаратал ықшам ауданы, 47, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Анықтама телефоны: + 7 (7282) 40-00-51, 40-00-69

 

Пікірлер