Әлемде жаңа тенденция пайда болуда - Саналы әкелік

5342
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Әкелер форумы» өтті. Диалог алаңына 100-ден астам әкелер қатысты.

Ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік, балалардың эмоционалдық тәрбиесіндегі ерлердің рөлі, өмірлік дағдылар тақырыптары талқыланды.

 Халықаралық зерттеулерде бала тәрбиесі мен дамуына әкелердің ықпалы ерекше дейді. Бірақ сонымен бірге әкелердің өз балаларының өміріне араласуы ең белсенді қатысудан немқұрайлылыққа дейін әртүрлі болуы мүмкін. Ал бұл күн – балаларымыздың тәрбиесі мен дамуындағы маңызды мәселелерді талқылау үшін бас қосатын ерекше сәт. Өйткені қазіргі қоғам ата-аналарға жаңа міндеттер қойып отыр, — деді құттықтау сөзінде Талдықорған қаласындағы NIS директоры Виктор Сосин.

Бұл күні педагог-психологтар мен куратор-ұйымдастырушылар әкелер үшін тренингтер ұйымдастырды.

 Бұл тамаша шараға екінші жыл қатысып отырмын. Қазіргі заманда әкенің рөлі шынымен де сан қырлы. Біз балаларымызға, олардың біліміне және қызығушылықтарына көңіл бөлуді ішінара ұмытамыз. Тіпті баламен сөйлескенде ыңғайсызданып, жағдай өздігінен шешіледі деп ойлайтын кездер болады. Осындай форумның арқасында әке – баласының өміріндегі басты тұлға әрі тірек екенін еске саласыздар, – деп ата-ана Орынбек Бәйменов өз пікірімен бөлісті.

Әкелер балаларына хат жазуда ерекше сезімде болды, ал балалар да бұл күні әкелеріне арнап хат жолдарын арнады.

 Форум оқиғаға толы болды. Шынында да, біз құнды ақпарат алдық, нақты өмірлік жағдайларды талдап, шешімдерді бірге таптық. 21 ғасыр әкесі – отағасы ғана емес, ұстаз, тәрбиеші болып келеді, — дейді екі ұлдың әкесі Есболат Жұмағұлов.

Әкелер форумы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін, ұстаз бен шәкірт арасындағы түсініспеушіліктерді паш еткен «Мұғалім» театрландырылған қойылымымен аяқталды.

 

Пікірлер