Павлодар облысында тас жолда болған жол апатынан 4 адам қаза тапты

2237
Adyrna.kz Telegram
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан болған апаттан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Павлодар облысы Тереңкөл ауылынан 25 шақырым жерде болды. Instagram желісінде жарияланған видеода екі көліктің бетпе-бет соқтығысқаны көрсетілген.

«29 желтоқсан күні сағат 17:58-де жедел жәрдем бөліміне қоңырау түсті. Тас жолда екі көлік соқтығысты. Оқиға орнына дереу Байғұс ауылының медициналық қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы шықты», - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Ведомствоның хабарлауынша, 11 минуттан кейін дәрігерлер оқиға орнында болған. Алайда зардап шеккендердің барлығы қайтыс болды.

«Шамамен 20-30, 40 және 40-45 жастағы азиялық келбеті бар төрт ер адамның өлімі расталды», - деп хабарлады ведомстводан.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты кезінде тас жолда қатты жел соққан.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда қарлы боран мен көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар Астана – Ерейментау – Шідерті, Қызылорда – Павлодар, сондай-ақ Шідерті – Қарағанды ​​бағытындағы бірнеше учаскеде көлік қозғалысы жабылды. «Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, 30 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метр. Жүргізушілер мүмкіндігінше елді мекендерден тыс жерлерге шықпауын сұрайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер