NIS ауыл мектептеріне қолдау көрсетеді

2490
Adyrna.kz Telegram

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жоба аясында Талдықорғандағы NIS-те ауыл мектептерінің әкімшілік мүшелеріне арналған аймақтық оқыту семинары өтті.

Бұл семинарға Ақсу, Сарқанд, Кербұлақ, Ескелді аудандарының мектеп директорлары қатысты.

Спикерлер сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, НЗМ-де оқытудың ерекшеліктері, бағалау жүйесі, қосымша білім беру тақырыптарында тың тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар әкімшілік мүшелеріне «Басқару мен менеджмент» атты кәсіби кездесу ұйымдастырылды.

Шеберлік-сыныптар мен дөңгелек үстел басында педагогикалық мәселелер бойынша кеңестер берілді.

 

 НЗМнің жұмыс барысының ерекшеліктері, ұтымды жақтарын көре алдым. Мақсатқа сай нәтижелі жұмыс көрініс тапты. Орынбасарлардың жұмыс жүйесі, тоқсан соңындағы талдау жұмысы, БЖБ, ТЖБ жұмысы, үлгермеуші оқушымен жеке жоспар, білім сапасына нәтижелі жұмыс жүргізілгені сонымен қатар оқушылардың ұйымдастырған экскурсиясы ұнады, — дейді Ескелді ауданы, К.Шестаков атындағы орта мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Илияс Бакишев.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламалары орталығы өткен жылы ел аумағында 17 тірек мектебінің ұстазарына дәл осындай семинар өткізсе, биыл олардың қатарына 63 білім ошағын қоспақшы. Орталық мамандары алдағы уақытта ұстаздарды онлайн форматта да көмек бермекші.

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасының миссиясы – ауыл-аймақтардың тұрақты дамуына жәрдемдесу, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту, NIS тәжірибесін еліміздің орта білім жүйесіне тарату.

Пікірлер