Жезқазғанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы анықталды

1294
Adyrna.kz Telegram

Бүгін «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – Жезқазған қаласынан Доспановтар отбасы (республикалық байқауға жолдама және 300 000 теңге);
ІІ орын – Ұлытау ауданынан Құлахметовтар отбасы (200 000 теңге);
III орын – Жаңаарқа ауданынан Қожамұратовтар отбасы (100 000 теңге).

Одан бөлек, келесі номинациялар бойынша:

«Берекелі отбасы» - Наурызбаевтар отбасы (Жезқазған қаласы);
«Өнегелі отбасы» - Сағындықовтар отбасы (Сәтпаев қаласы);
«Өнерлі отбасы» - Сейпішовтер отбасы (Жаңаарқа ауданы);
«Парасатты отбасы» - Үйсімбаевтар отбасы (Қаражал қаласы);
«Қажырлы отбасы» - Мадыхановтар отбасы (Сәтпаев қаласы);
«Ұлағатты отбасы» - Ерғалиевтер отбасы (Ұлытау ауданы);
«Үлгілі отбасы» - Мұздыбаевтар отбасы (Қаражал қаласы).

Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаз отбасы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының республикалық кезеңінде Ұлытау өңірінің намысын қорғамақ.

Пікірлер