Қазақта қыранның болмысы бар - Бағдат Мүптекеқызы

8980
Adyrna.kz Telegram

“Қыран” бүркітшілер федерациясының атқарушы директоры, этнограф, ұлт жанашыры Бағдат Мүптекеқызы “Адырна” ұлттық порталына берген сұхбатында Қазақстанның көк туындағы қыранның бейнесі туралы айтып берді.

Бағдат Мүптекеқызының айтуынша, көк тудағы қыран қазақтың болмысын көрсетеді.

Қазақ биіктен қарай білген. Қыран екі қанатын сермеп, аспанға көтерілгенде “бүкіл әлем менің қанатымның астында” дейді екен. Қазақ та осындай, тауда тұрған. Биікте тұрып, бүкіл әдемді көзқарасымен бақылап отырған.

Қыранның бейнесі өте философиялық терең мағына берген. Қазақ өз кең даласында, кең жайлауда ұлы даланы мекен еткен халық қалай қиялданбайды, кез келген дүниеден филосиялық мән таппайды?

Неліктен қыран біздің туымызда тұр? Мына қыранның бүкіл бет-бейнесі қазақ қой. Соны қалай ойлап тауып, біздің туымызға кіргізген?!

Сосын тазалықтың барлығы биікте. Қыран жердегі басқа аң-құстың жеп тастап кеткен дүниесін жемейді. Бұл өте таза. Біздің қазақ та сондай. Өзінің еңбегімен, күшімен тапқан дүниесін ие болған. Бұл біреудің дүниесіне ие болмаған. Бұдан өзінің бейбіт сүйгіштігі, бұл барлық дүниені жоғарыдан қарайтындығын білдіреді.

Қыран - күнге қарай тіке ұшатын жалғыз құс. Ешқандай адам баласы күнге қарай алмайды. Ал біздің қазақ дүниенің барлығына тіке көзқараспен қараған. Біздің бүкіл болмысымыз қыранмен байланысты, - деді Бағдат Мүптекеқызы.

Пікірлер