Наурыз - тіршілік пен жаратқанды құрметтеу мерекесі

1343
Adyrna.kz Telegram

Ұлы ақын Абай: «...Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен» деген сөздері де бүгінге жетіп отыр.

Шәкәрім Құдайбердіұлы Наурыз сөзін парсыныкі дей келе, мағынасы «жаңа күн» деген сөз деп ары қарай «Ескі қазақта Жаңа жыл күнінің аты – Ұлыс. ...Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау:

Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар –

деген тіпті ескі мақал» деп жазған.

Міржақып Дулатұлының «Қош келдің, Наурыз!» атты мақаласында жазғаны:

 «Дұрысында, қазақтың тамағы да, киімі де, үйі де, күйі де, көлігі де, отарбасы да, телеграфы да, телефоны да мал емес пе? Еңбекшіл қазақ қыстың өткеніне, жаздың жеткеніне қалайша өзгелерден артық қуанбасын, жаздың басы жаңа күн – Наурызды, қалайша мейрам етпесін».

Ахмет Байтұрсынұлы Наурыз мерекесі туралы былай деп жазған: «Жаңа жылымыз – ...шын мағынасында Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп, көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай қыс баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп, демалып отырған кез. Ағаш шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез».

Сұлтанбек Қожанұлы 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газеті бетінде «Наурыз туралы» мақаласында:

 «Наурыз дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы. Наурыз қазақтың ұлы мейрамы болып кеткен. Құрбан айт, ораза айттардан гөрі дені де сау, қадірі де артық». деп жазыпты.

Ақын Мағжан Жұмабайұлының 1927 жылы «Наурыз» мақаласында жазғаны:

 «Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны – бір-бірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын» – дейді».

Мұхтар Әуезұлы «Сыршылдық салт өлеңдері» атты мақаласында жазған. Ұлы жазушы мақаласын былай деп бастапты: «Наурыз күншығыс халқының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе, көшпелі түркілер арасында арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған».

Мұхтар Әуезұлы өз мақаласында Наурыз мерекесін қосқан ескі бір өлеңді келтірген:

Есік алды қара су бойлағаным,

Жалғанның қызығына тоймағаным.

Көмілсем де кетер ме көкейімнен,

Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным.

Қазақтың байырғы ата-бабалары ұлыс күні:

Амансыз ба, ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлігі ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін! –

Оразақын Асқар ағамыз «Бұл көжеде бәрі бар» атты өлеңінде:

Ашық болсын қос қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта – ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Абай Құнанбайұлының «...Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен» деген сөздері де бүгінге жетіп отыр.

«Қыс кетіп, күн шырайы түзелген кезде тәңірідей құдай ел тіршілігіне кеңшілік әкелді деп есептеледі. ...Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік есігі ашылған күн». Қыс қатты болған биылғы жыл туралы айтылғандай бұл сөздерді көп жылдар бұрын Мұхтар Әуезұлы «Сыршылдық салт өлеңдері» атты мақаласында жазған. Ұлы жазушы мақаласын былай деп бастапты: «Наурыз күншығыс халқының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе, көшпелі түркілер арасында арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған».

«Дұрысында, қазақтың тамағы да, киімі де, үйі де, күйі де, көлігі де, отарбасы да, телеграфы да, телефоны да мал емес пе? Малсыз қазақтың күні бар ма? Сол малын аман сақтау үшін қысқы аязда, ызғырық боранда бейнет шегіп, еңбек сіңіріп, малымен бірге жатып, бірге тұрып, бірге жүріп, бірге ығып, қыс қандай қысылса, жаз сондай жазылатын, жадырайтын шаруашыл, еңбекшіл қазақ қыстың өткеніне, жаздың жеткеніне қалайша өзгелерден артық қуанбасын, жаздың басы жаңа күн – Наурызды, қалайша мейрам етпесін». Бұл қазақтың ардақты ұлы Міржақып Дулатұлының «Қош келдің, Наурыз!» атты мақаласында жазғаны.

Осы сөздерден көктемді қазақтың жаңа жылдың басы деп неге таңдағанын түсінуге болады. Қазақтар әлемнің табиғи жүйелілігін ежелден түйсінген ел. Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы Наурыз мерекесі туралы былай деп жазған: «Жаңа жылымыз – ...шын мағынасында Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп, көңілденген кез. Шаруа адамдарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай қыс баққан арықтарын үмітті күнге жеткізіп, демалып отырған кез. Ағаш шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярланып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез».

Ұлы ақын Абайдың: «...Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп той-тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен» деген сөздері де бүгінге жетіп отыр.

Абайдың інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы Наурыз сөзін парсыныкі дей келе, мағынасы «жаңа күн» деген сөз деп ары қарай «Ескі қазақта Жаңа жыл күнінің аты – Ұлыс. ...Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау:

Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар – 

деген тіпті ескі мақал» деп жазған.

Ұлыс сөзі шыныда да көне сөз, оның байырғы мағынасы «Ұлы іс» болса керек. Халықты әбден қысқан суық маусымнан соң жеңілдік әкелген табиғаттың жаңаруын, Тәңірінің ұлы ісі деп түсінгендіктен жаңа жылды Ұлы істің бастамасы деп «Ұл іс» атап, кейін бұл «Ұлыс» деген бір сөзге айналған.

Осы жерде қазақтың Ұлыстың Ұлы күні сөзімен қатар неге  парсының «Наурыз» атауы қолданылады деген сұрақтың туындауы орынды. Ақын Фирдаусидің «Шахнаме» жырында байырғы заманда Жәмшид деген патша туралы баяндалады. Ол патшалық құрған кезде халық еш нәрседен тарықпай өмір сүрген екен. Қарны тоқ, ким көк болған адамдар ешқашан ауырмай, бақытты өмір сүреді екен. Наурыз мерекесін де ойлап тапқан патша Жәмшід екен. Ақын Фердауси өзінің «Шахнама» жырында Тұран мен Иарн арасындағы қатынасты бейнелеген. Осындай жағдайда екі ел арасында түркілер мен парсылар мәдени қарым-қатынаста болып сөздедің бір елден бір елге алмасуы әбден мүмкін.

«Қазақтар көктемді жылдың басы деп қабылдаудан әлі де айнымай келеді. Себебі көктем әлемнің шын мәнісіндегі жаңаруы.

Бұрынғы кездерде басқа елдер де бұрын көктемді жыл басы деп түсінген. Мысалы: ағылшындар он сегізінші ғасырға дейін жаңа жылды 26 наурыз күні тойлаған. Көрші ел Ресей де христиан дінін қабылдағанға дейін Жаңа жылды наурыз айының 1 күні қарсы алған.

Ал қазақтар ежелден Жаңа жыл көктемнен бастау алады деп білген. Ислам дінін қабылдағаннан кейін де қазақтар жаңа жылды көктемде мерекелеуінен жаңылмаған. «Наурыз дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы. Наурыз қазақтың ұлы мейрамы болып кеткен. Құрбан айт, ораза айттардан гөрі дені де сау, қадірі де артық». Сұлтанбек Қожанұлы 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газеті бетінде «Наурыз туралы» мақаласында осылай деп жазыпты.

«Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны – бір-бірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын» – дейді». Бұл ақиық ақын Мағжан Жұмабайұлының 1927 жылы «Наурыз» мақаласында жазғаны.

Мұхтар Әуезұлы өз мақаласында Наурыз мерекесін қосқан ескі бір өлеңді келтірген:

Есік алды қара су бойлағаным,

Жалғанның қызығына тоймағаным.

Көмілсем де кетер ме көкейімнен,

Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным.

Қазақтың байырғы ата-бабалары ұлыс күні сақал-мұртын түзеп, шаштарын алып, жаңа киімдерін киіп көршілерін құттықтайтын болған. Ұлыстың ұлы күні барлық адамдар өздеріне тілегенін басқаларға да тілейді.

Сол күні құшақтасып көрісіп:

Амансыз ба, ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлігі ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін! –

деп жақсы тілектер тілеген.

Алты күн садақ тартып дайындалып, жетінші күні жамбы атысып жарысатын болған. Кімде-кім бірінші болып, алтын жамбыны атып түсірсе, сол адам бір күн елге патша болуға ерікті болып, оған бүкіл ел бағынған.

Қазақ халқының үлкен қуаныштарда қазанға мол етіп ас дайындап, сол қазаннан елдің бәріне дәм таттыруы ежелден келе жатқан дәстүр. Тарих атасы аталған грек тарихшысы Геродот, өзінің кітабында қазақтардың бабалары сақ-скифтер туралы олардың жылқы сүтін ішетінін, шошқа етін жемейтінін және басқа да  қызықты деректер келтірген. Сақтардың патшасы Ариант жасатқан қазан туралы: Бұл мыс қазанға 600 (алты жүз) грек құмырасының суы сияды, қалыңдығы алты саусақтың жуандығындай. Ариант патша бұл қазанды жасату үшін қол астындағы сақтардың әрқайсысы бір жебенің ұшын әкелсін. Егер бұл бұйрықты орындамаған адамдар болса, олар өлім жазасына кесіледі, деп жарлық шығарған. Сонымен жиналған жебелердің саны көп болғаны соншалық, шеберлер үлкен қазан жасапты. Сақ патшасы бұл қазанды үлкен мереке кезінде көпшілікке арнап тамақ пісіру үшін жасатқаны анық. Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіндегі үлкен қазанның жасалуы, кинорежиссер Сұлтан Қожықұлы түсірген «Қыз Жібек» көркем филміндегі көтерілетін үлкен қазан да сақ бабаларымыздан келе жатқан игі үрдіс.

Ұлыстың ұлы күні мерекесінің басты тағамы «Наурыз көже». Мағжан Жұмабайұлының жазуы бойынша: «Жаңа жыл күні қазақ әдетінше әр үйде қазақ-қазан көже пісіріледі. Көженің ішіне қысқы соғымының тек басы салынады. Көжеге көп сүт құйылады. Басты, шекені қарттар мүжіп, құлақты балаларға кесіп беріп, басқа жұрттар көжені талап ішеді. «ауыз ақтан арылмасын, қызылды (ет – Б.О.) уақытымен (қыс) көрсетсін, жас құтты болсын», деп бата жасап тарасады.

Бұл көже ішу – келе жатқан жазбен ұшырасып, қарсы алып, ас ішу ретінен аққа көшу. Көжеге тек бас салып асып жеу – қарлы қыспен, қыс тамағы етпен қоштасу».

Наурыз көжеге басқа да дән-дақылдар қосып пісірген. Оразақын Асқар ағамыз «Бұл көжеде бәрі бар» атты өлеңінде:

Ашық болсын қос қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта – ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

Әрине, қазақтар жаңа жылды қарсы алуда жақсы тілек тілеп, дастархан жаюмен шектелмеген. Жаңа жыл үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп үй төріне қос шырақ жағып қоятын болған. «Жаңа жыл таза үйге кірсе, ол үйді ауру-сырқау, пәле-жала айналып өтеді» деп сеніп Наурыз мейрамына дейін үй-ішін тазартқан. «Жыл аққа, дәнге, жауынға көп болсын» деп ыдыстарды сүт, айран, шұбат, шалап, уыз және бұлақтың таза суымен толтырған. Жаңа жыл келер түні бойжеткендер ұнатқан жігіттеріне соғымның етін уызға салып «ұйқыашар» атты тағам пісірген. Бозбалалар өз кезегінде «селт еткізер», «дір еткізер» деп аталатын айна-тарақ, сақина-сырғаларын сүйгендеріне сыйлап өз сезімдерін жеткізген.

Күн мен түннің теңесетін мезгілі, Наурыз мейрамын жаңару деп түсінген қазақ халқы бұл күндері қоғамды жаңартуға әрекет жасаған. Ел басшылары ат құйрығын кесісіп араздасқандарды бір дастархан басына шақырып татуластырған. Жалғыз-жетімдерді ел болып үйлендіріп, жеке отау еткен. «Сүйекке дақ, етке таңба болмасын» деп кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына міндеттеп тапсырып отырған. Жаман жолға түскендерді ел талқысына салып, дұрыс жол көрсеткен.

 Наурыз мейрамы қазақтың қанына сіңген әдет-ғұрыптың үлкені. Мен 1973 жылы Қарсыбай Сыпатайұлы атындағы №7 мектепті бітірдім. Ол кезде Наурыз мейрамы ресми түрле тойланбайтын. Дегенмен, көктем келісімен Батыр Қабылбекұлы, Ботакөз Хасанқызы, Серік Беркімбайұлы, Ерлік Сейдахметұлы есімді сыныптастарым тұратын Бостандық көшесінде наурыз көже ішетініміз әлі есімде. Кейін 1978 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, Өзбекстанмен шекаралас «Жібек жолы» елді мекенінің Аманкелді Иманұлы атындағы мектепке қызмет етуге барғанымда, ауыл адамдарының Шымкент-Ташкент үлкен жолының бойында дастархан жайып, бейтаныс адамдарды ұлты мен дініне бөлмей шақырып, дәм татқызып жатқанының куәсі болғанмын.

Қазақ халқының өз елінде ешкімді алаламай, бауырына тартып, тәуелсіз мемлекет құрып жатқанында да, көптеген ғасырлар бойы тойланып келе жатқан Наурыз мейрамының орны ерекше деп білемін. Тәңіріміз осыдан жазбағай!

Бердалы Оспан

Мәдениеттанушы

Пікірлер