Жағдайы ауыр. Субұрқаққа шомылған үш жасар сәби жансақтау бөліміне түсті

3469
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында субұрқақта шомылған үш жасар қызды ток соғып, жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша,  3 маусым күні сағат 15:30 шамасында Ақсу қаласында Астана көшесіндегі Балалар шығармашылық сарайының жанында үш жасар қыз кәмелетке толмаған үлкен әпкесімен бірге субұрқаққа шомылған. Кейін бүлдіршінді ток соққан.

Үш минуттан оқиға орнына жедел жәрдем келген. Жағдайы ауыр бала Ақсу қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Куәгерлердің айтуынша, қыз субұрқақта шомылу кезінде ток соққан. Науқастың түскен кездегі жағдайы ауырболды. Сол себептен жансақтау бөліміне жатқызылды. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілді. Санитарлық авиация саласындағы аймақтық мамандар кеңес берді. 21 сағаттан соң есін жиып, жағдайы орташа ауыр қалыпқа келді. Бақылау мен емдеу жансақтау бөлімінде жалғасуда,  - деді ведомство.

Пікірлер