Тест: Қай айда дүниеге келдіңіз?

7456
Adyrna.kz Telegram

Қай айда дүниеге келгеніңізге қарап атақты ғалымдар сіздің қандай адам екеніңізді анықтап көрді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

1-ай: Хош иісті гүл

Табиғаты: Мінезі тәкаппар, қақаған қыстың қаңтар айында аяқ байлайтын мұздан да, қардан да сескенбейді, қажымас рух пен тәуекелшілдік қасиетке ие. Кез келген қиындықтан күлімдеп шығады.

Қасиеті: Ақылды, икемді, әдепті, адамдарды сүйіндіреді. Аяулы мінезі бар, өмірге деген сенімі зор, адамгершілік істерде де шебер.

Махаббаты: Көзі түскен адам көп, бірақ барлығын көздегеніндей қол жеткізе алмайды. Сондай болса да, нәр алуы жақсы, адамдардың құрметіне ие болып отырасыз.

Кемшілі: Ырғынға кенеліп, пәк-тәкәппәрсініп, адамдардың өсегінен аулақ бола алмайсыз.

2-ай: Өрік гүлі.

Табиғаты: Адал, бүкпесіз, өтірік айтпайды, жасанды мінезді адамдардан жаны аулақ. Сондай болса да үнемі соққыға ұшырап отырады.

Қасиеті: Іскерлік пен өнерге бай, өзінің атағын жанынан қымбат көреді, адамдарға ықыласты мәміле жасайды, үнемі көпшіліктің құрметіне ие болып отырады.

Махаббаты: Барлығы сізбен жақындасуды ойлайды. Бірақ ақ пейіл емес, махаббат жолында кішігірім бұраңдылық болады, сондай болсада өмірінің соңында бақытты өтеді.

Кемшілігі: Адамдарды оңай ренжітіп аласыз, іштарлық ниетіңіз ауыр, атақ құмарлығыңыз күшті.

3-ай: Шаптол гүлі.

Табиғаты: Көрінісі сұлу, сыпайы, әсем, адамдарға көрікті, момындық сезім тудырады. Ақкөңіл, қарапайым, сүйіспеншілігі бар, жұрттың құрметіне ие болып отырады.

Қасиеті: Білімі мол, үйренуі күшті, тұрмысқа болған танымы айқын, ақкөңіл, сүйіспеншілікке баса мән береді, дыр-думанды сүйеді, адамдарға көмектесуге құштар.

Махаббаты: Зейнет-бейнетке ортақ болатын жарға ие боласыз, солай болса да ұрыс-керіс мол болады.

Кемшілігі: Еркелегіш, тіршілікке ерлік жігеріңіз кемшіл.

4-ай: Раушан гүлі.

Табиғаты: Ақкөңіл, ашық-жарқын, лебізі тамаша, икемді, пәк, үміткер, бос қиялға толы тұрмыстың шектемесіне ұшырауды қаламайды, сүйіспеншілігі жоғары, белгілі дәрежеде жасампаздық қуаты бар.

Қасиеті: Талабы, арманы бар, мерейлі, басқалармен істі мақсаттасуға шебер, жұмыс ыңғайлауға кемелді, жөн-жосықты біледі, кешірімшіл.

Махаббаты: Махаббат жағында бағы жанбайды, ойдағыдай болуы да қиын. Өмірі мазаланып мұңаюмен өтеді, сондай болса да тұрмыстың соққысына қарсылық жасай алады.

Кемшілігі: Байсалдылығы кемшіл, өр кеуде, ауытқымалылығы күшті.

5-ай: Анар гүлі.

Табиғаты: Көрінгенге көз тастайды, ақкөңіл, оңай әсерленеді, мөлдіреген отты көзімен басқалардың көңіл-күйін зерттеуге шебер, күйгелек.

Қасиеті: Баулуы кемшіл, оңай әсерленеді, өзін көрсетуге құштар, әдебиет жөнінде құштарлығы өте басым, үздіксіз тырысса аздап нәтиже бар.

Махаббаты: Сүйіспеншілігі тұрақты емес, тұрмысы аумалы-төкпелі, өте көңілсіз, бірнеше рет махаббат болады.

Кемшілігі: Тез күдіктенеді.

6-ай: Мудан гүлі.

Табиғаты: Мінезі арынды, пәк-ашық, әділ, жастық жалынын сақтауға шебер, артына қайтпайтын кіршіксіз мінезі бар, қандай болсын, бәріне қызығады, кәсіпке ынталы.

Қасиеті: Құлшына үйренуге қызығады, дербес ой жүгіртуге шебер, жұмыс ыңғайлауға батыл, әр қандай кезде жасамалы емес. Адамдарға жылы жүзді, ибалы.

Махаббаты: Достықты қастерлейды, махаббатқа адал, тұрмыс орналастыруға епті. Бақытқа оңай кенеледі, солай болса да, опасыздар бөгет болады.

Кемшілігі: Бірде олай, бірде бұлай. Аурушаң, ақ пейілділік жігері кемшіл, сондай болса да, өмірінде зор бақытқа ие болады.

7-ай: Нәркес гүлі.

Табиғаты: Мінезі өте әсем, адамдарға ықыласты, қарым-қатынас жасауға ауызы епті, басқаларға көмектессе атағын шығаруды қаламайды, істі ыңғайлауда орнықты, күйремейді.

Қасиеті: Қарапайым, кішіпейіл, үнемі адамдардың құрметіне ие болып, жаңа заттарды оңай қабылдайды, тілектестік сүйіспеншілігіне бай.

Махаббаты: Адамдардың барлығы сізбен жақындасуға құштар, тамаша жұбайыңызбен өмір өткізесіз.

Кемшілігі: Мінезі тез, ашуға шыдамсыз! Оңай ашуланады, бірақ артынан есептесіп жатпайды.

8-ай: Гуиғуа гүлі.

Табиғаты: Көзінен ишарат белгісі байқалып тұрады, ақылды әрі кеменгерлікпен ақыл-парасатқа ие адамдарды күтуге қызғынды да ынталы, кең пейіл, әдепті, қағылез.

Қасиеті: Көңілінің мөлдірлігі бейне айдай, адамдарға төтенше адал, әділет жолында аянбайды! Саяхаттауды сүйеді, дәмін татып баға беруге шебер, өзіне қатаң, басқаларға кең қам-қайғысыз тұрмысын жақсартады.

Махаббаты: Махаббаттың соңына түспейді, сондай болса да, себепсіз таңдаулармен кездейсоқ ұшырап қалады.

Кемшілігі: Бірбеткей, сыңар жақ, достарын тез ренжітіп алады.

9-ай: Хуиху гүлі.

Табиғаты: Табиғат құштарлығы орынды, өзіншілдігі дара, сүйіспеншілігі бар, өзін қатаң ұстағандықтан, басқаларға суық көрінеді, өзін-өзі байқай алады, сөзі аз.

Қасиеті: Шөгел (мұқият), ашық-жақын, қолбасшылық өнері бар, әділдігі де бар! Айтқанын орындайды, өзін тежей алады.

Махаббаты: Махаббаты өздігінен оралып, бұрынғы жұбайы мен соққысы және жарақаты егіз өмір сүреді.

Кемшілігі: Өте қызғаншақ, сөзге сараң, жұртшылықпен араласуды қаламайды, оңай зиян тартады.

10-ай: Әтір гүлі.

Табиғаты: Санмыңдаған гүл-бәйшешектің түріндей, өркеуде, қызуқанды, өзінің теге орнында тек ғана өзінің артықшылығын көреді, басқалардың мұң-мұқтажына жаны ашымайды, сенім байлай алады, сондай болса да, қауіп-қатер бар.

Қасиеті: Турашыл, жүріп-тұрысы орнықты, ибалы, салауаты күшті, адамдарға көмектескенде разы етеді, сондай болса да, пайда күндерімен дерек достарын имендіреді.

Махаббаты: Алғашқы кезде бақытты. Сәтті болады, өмірінің соңғы кезінде мұңлы, салт баулы, сабсау қамшылы болады, бірақ аман-есен күн көре алады.

Кемшілігі: Қалыптан тыс менменсігендіктен, сәтсіздікке ұшырайды, оған оңай опық жейді.

11-ай: Қызыл гүл.

Табиғаты: Парасатты, іскер, он саусағынан өнер тамған, заманы қалай болса, бөркін солай кие алады, басқаларға қызу мерейлі, шалғайлығы жоқ, жақындарымен тату-тәтті жұрттың алғысы мен аялауына барынша бөленеді.

Қасиеті: Сенімі жақсы, жеке басының пайда-зиянымен есептеспейді, сабырлылықпен жұмыс ыңғайлай алады.

Махаббаты: Адамдардың барлығы сенімен дос болуды қалайды. Өйткені тұрмысыңыз жөнінде басқалар разы болады және өзара құрметтейді.

Кемшілігі: Жапаға шыдамсыз, әйел болса еріншек.

12-ай: Лами гүлі.

Табиғаты: Қайсарлық қуаты бар, сенім-сыйлампаздыққа бай, болашағын елестетуге шебер, ойлауға, істеуге шебержәне батыл, жеңіл істерге ұшырауға сескенбейді.

Қасиеті: Адамдарға ықыласты мәміле жасайды, қолы ашық, адамдарға көмектесуді рақат сезеді, ашық-жарқындықты өмір бақи ұнатады, зейін салу рухы бар.

Махаббаты: Сіздің жастық уақытыңыз сарып болады, бұл жөнінде бақытсыздық пен бейнет бар, тырысу арқылы тату жарға ие боласыз.

Кемшілігі: Нәпсі күшті, мінезі тез, кірісуге құштар.

Пікірлер