Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеп.
12 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында SAZLE 60 маркалы автобусты басқаратын жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта қозғалып, Мәметова көшесімен реттелетін қиылыста Қонаев көшесі бойымен келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345 -бабы, 2 -бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, - деді Алматы қаласы Қылмыстық кодексінің тергеу бөлімінің бастығы полиция подполковник Олжас Шәріпов.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.
