Елорданың Highvill Astana тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Қаланың Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері 5 шілдеде сағат 11: 09-да шақырту бойынша жөнелді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.
Қошқарбаев көшесі, 2-үйде, «Highvill Astana», 6-қабаттағы жалпы бөлмеде тұрмыстық техника мен тұрмыстық заттар өртеніп жатты.
Өрт орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оны сағат 11: 23-те оқшаулап, 11: 30-да жалынды жойды.
"Зардап шеккендер мен зақым алғандар жоқ. Барлығы 20 адам мен 5 техника жұмылдырылды", деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Экология министрі жылап тұрды. Бұл көз жас – шарасыздықтың көз жасы. Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла. Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.
