Батыс Қазақстан облысында бір отбасындағы бес баланың өмірін қиған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында мәлім етті.
Вице-министрдің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге кетіп, балаларды үйге сыртынан жауып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың ойынынан шыққан.
"Алдын ала себеп – балалардың ойыны. Қазір сараптама жұмыстары аяқталуға жақын. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Кеген Тұрсынбаев.
Сондай-ақ ол отбасының қазан айына дейін газбен жабдықталған бұрынғы үйде тұрғанын, алайда бір ай бұрын басқа үйге көшкенін айтты.
Еске салайық, 4 мамырда Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі бес бала көз жұмған болатын. Қайғылы жағдайдан кейін облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Баға өсіп кетпей тұрғанда. Алматыдан сейсмологиялық тұрғыда қауіпсіз әрі тиімді тұрғын үйді қайдан сатып алуға болады?