Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Кажымұханұлы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, 5 жылға сотталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмаған балаларының болуы, кінәсін мойындауы және шын ниетпен өкінуі ескерілді», – деп хабарлады сот.
Іс материалдарына қарасақ, Ұлытау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының бас есепшісі қызына тағылған «есірткіні сату үшін сақтау» айыбын жеңілдету үшін Қажымұқанұлына 50 мың доллар берген.
Толық мәліметтер әзірге жарияланбады.
Ұқсас жаңалықтар
Күйеуі мұрны мен құлағын кесіп алған. Қырғызстанда Әсел Ногойбаеваны қолдау мақсатында флешмоб басталды