Астанадағы тұрғын үй ауласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна”.
«21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды», - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Кейбір бейресми мәліметке қарағанда марқұм Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
“Балаңызға тесік етікті кигізіп, скотчпен жамап, шекараны қорғауға жібересіздер ме?”: Айман Омарова ҰҚК басшылығын сынға алды
