Наурыз мерекесінде маңғыстаулықтар ұлттық киім киген 5000 адамды жинап, әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Халықаралық комиссия мүшелері 22 наурыз күні Ақтау қаласына келеді.
Мегафестивальға қатысу үшін http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, арнайы форманы толтыруы қажет.
“Kazakh Record” фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықтарды «Kazakh Record» фестиваліне шақырамыз!
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаудың ірі құрылыс компаниялары Жетібайдағы жолды жауып тастаған ауыл тұрғындарына жұмыс ұсынды
Маңғыстау облысының әкімдігі малға қажетті құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда
