Жаңа жылдық мереке кезінде Қазақстанда 63 адам салюттан зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Зардап шеккендердің 20-сы бала. Бес бала ауруханаға жатқызылған. Ал 51 науқас, оның ішінде 15 бала амбулаторлық ем алуда.
Атап айтқанда, Алматыда 19 адам, Жамбыл облысында 11 адам, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Шымкентте алты адам жарақат алған. Ақтөбе облысында – екі адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында – бір адамнан зардап шеккен. Зардап шеккендердің барлығына көз жарақаты, қасаң қабықтың күюі, күйік және қолдың жарақаты диагнозы қойылды.Ұқсас жаңалықтар
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар қыздың портреті бейнеленген муралды қайта өшіріп тастады
