Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.
Жиында су ресурстарын игерудің ғаламдық мәселелері қарастырылады деп жоспарланған.
Сонымен қатар президент Эр-Риядта бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
“Ескі Қазақстанды” көгертпеген ескі әкімдер, “Жаңа Қазақстанды” жарылқайтынына сенбеймін - ақын Арман Бердалин
