Солтүстік Корея әскері жақында Украина күштерімен соғысқа көшуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Біз әскерлердің Украина күштерімен соғысып жатқанын әлі көрген жоқпыз, бірақ бұл алдағы күндері болады», — деді ол.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресей Солтүстік Корея сарбаздарын тактикалық операцияларға баулып жатқанын да айтты.
Энтони Блинкеннің сөзіне қарағанда, Ресейде он мың Солтүстік Корея сарбазы бар.
Ұқсас жаңалықтар
Өздерін мұсылман санайтын Қазақстан мүфтияты әлі күнге дейін Ресей агрессиясын мансұқтайтын бірде-бір үндеу немесе мақала жарияламады.
