Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 тонна шөп өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт 16 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Түс ауа министрлік 30 мың гектар алқап өртеніп жатқанын хабарлады. Ал NASA картасында кемі 44-45 мың гектар деп көрсетіп тұр.